ТУҒАН ЖЕРГЕ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАС

0

Қаракемер ауылындағы №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектепті бітіргендеріне 20 және 40 жыл толған түлектері ауылға ерекше тарту жасады. Олар ел игілігі үшін заманауи «I QARAKEMER» инсталляциясын орнатып, туған жерге деген ыстық ықыласын білдірді.

Арнайы ұйымдастырылған ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы және түлектер қатысты. Жиын барысында ауыл ақсақалдары мен ұстаздар игі бастама көтерген азаматтарға алғыстарын айтып, бұл істің кейінгі ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті.

Бұл – туған жерге деген құрмет пен өскен өлкеге деген шынайы жанашырлықтың жарқын көрінісі. Ауылдың қақ ортасына орналасқан жаңа инсталляция енді тұрғындар мен қонақтардың сүйікті орнына айналмақ. Мұнда ауыл жастары мен қонақтары естелік суретке түсіп, жылы естеліктерімен бөлісетін ерекше мекен болады.

«I ❤ QARAKEMER» жазуы Қаракемер ауылының көркін айшықтап қана қоймай, ауылдың бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншіліктің символына айналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.