«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ»

0

2021 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы ауданда 8 жоба бекітіліп, іске асырылатын жобалар аясында 311 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.

Аудан көлемінде 2021 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында құрылатын инфрақұрылымдық жобалардың ішінде:

– 7 нысан әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымды жөндеу, реконструкциялау және салу бағытында;

– 1 нысан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымды жөндеу, реконструкциялау бағытында жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнге 7 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұйымдастырылуда, ал 1 жобаның құрылысы басталды. Атап айтсақ, Отар ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталып, жоба шеңберінде 48 азаматты жұмысқа жолдау жоспарланған.

Аталған жобаға жұмысқа орналасуға ниет білдіруші азаматтар жұмыспен қамту орталығына хабарласуын сұраймыз.

Байланыс телефоны: 8(72636)48602

Leave A Reply

Your email address will not be published.