ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА…

0

2023 жылдың  қараша айында Алматы қаласының төрінде еліміздің кілең мықты математика саласының майталмандары «Зерек ұстаз» республикалық шығармашылық байқауында бас қосты.

Бұл республи-калық байқауда Жамбыл облысының намысын 10 шығармашыл ұстазымыз абыроймен асқақтатып, жүлдегерлер қатарынан көрінсе, оның 8-і Тараз қаласының, 2-і Қордай ауданының еншісінде. Яғни облысымыздың 10 ауданының ішінен марапатқа ие болған біздің ауданымыздың №31 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Өтебаева Жанар Әбдібайқызы мен  №32 В.Маяковский атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Рзақметова Гүлнар Қыснақбайқызы.

Математика пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, құзіреттілігін арттыру, кәсіби шеберлігінің дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастрылған байқаудың болашақ ұрпаққа берері мол екені сөзсіз. Өйткені өзінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылығын үздіксіз шыңдап отырған ұстаздарымыз еліміздің ертеңгі тіректерін қалыптастырып отырғаны айқын.

Ел тарихында аттары алтын әріппен жазылған талай тума талант дарын иелерін дүниеге алып келіп, тал бесігінде тербеп, үлкен өмірге аттандырған киелі құт мекен Қордай жері әлі де сол аға буын ұрпақтың ізін басар жас дарындардан кенде емес екен. Соның айқын дәлелі — жақында ғана, яғни 2023 жылдың 31 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында облыстық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында топ жарған біздің бүгінгі шәкірттеріміз, Қазақстанның болашақ ғалымдары  байқауға ауданның жеңімпаздары қатысып барлықтары жүлделі орын алды.

І дәрежелі дипломдармен Оралхан Бөкей атындағы негізгі мектебінің  4- сынып оқушысы Маясарова Аяла, №4  Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Серік Бақдәулет Бекнұрұлы,  ІІ дәрежелі дипломдармен №23 Т.Рысқұлов атындағы  орта мектебінің 6-сынып оқушысы Смағұл Мейрамбек, «Әл -фараби» білім беру орталығының 2-сынып оқушысы Мұхан Шұғыла, грамотолармен №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Нығымет Нұрдәулет, №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Орынбасар Райымбекті жеңістерімен құттықтай отырып, әрбір баланың шамшырағын жағуға өлшеусіз үлестерін қосқан ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Жарқын болашағының бастауын бүгіннен бастап отырған  зейінді шәкірттеріміздің қатары арта берсін!

Назира Сатова, аудандық білім бөлімінің математика әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.