ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА

0

Бірер күннен соң жаңа 2026-2027 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі каникул жеті күн, қысқы демалыс 14 күн, көктемгі каникул жеті күн болады. Бірінші сынып оқушылары

үшін ақпанда қосымша жеті күндік демалыс қарастырылған.

Бүкіл еліміз тәрізді Қордай ауданы да жаңа оқу жылына дайын. Қазіргі уақытта ауданда 50 мемлекеттік мектеп және 23 жекеменшік мектеп, сондай-ақ 17 мемлекеттік, 52 жекеменшік балабақша мен 3 шағын орталық табысты жұмыс істеуде. Оған қоса, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 8 мектептен тыс мемлекеттік мекеме қызмет көрсетеді.

Жалпы алғанда, аудан бойынша білім мен тәрбие үдерісіне 39799 бала қамтылған. Оның ішінде мектеп қабырғасында 31 178 оқушы, мекепке дейінгі білім ордасында 8621 бүлдіршін тәрбие алуда (нақтырақ айтсақ, мемлекеттік мектептерде 26 858 бала, жекеменшік мектептерде 4320 бала оқиды).

Бұл ретте демографиялық өсім мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің көрсеткіші көңіл қуантады. Мысалы, өткен 2025-2026 оқу жылында 1-сыныпқа 2123 бала қабылданған болса, ағымдағы жаңа оқу жылына 2260 бала қабылданады деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш мектеп жасындағы балалар санының тұрақты өсіп келе жатқанын айқын көрсетеді. Ал мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші де жоғары деңгейде: 2-6 жас аралығындағы балалардың 99,6%-ы мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.