Өмірбаян
Нұрғалиев Қуанышбек Әбдіқадырұлы 1983 жылы 24 шілдеде Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Өтеген ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2003 жылы «Тараз» институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы №16 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2006-2007 жж. – №8 Өтеген атындағы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2007-2008 жж. – №7 А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2008-2009 жж. – №45 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2009-2010 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы.
2010-2020 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту басқармасының жедел басқару құқығындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК Қордай ауданы бөлімшесінің меңгерушісі.
2020-2022 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталағы» КММ үш тілді оқыту жөніндегі аға әдіскері.
2024-2025 жж. – Қордай ауданы №17 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директорының орынбасары.
2025 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай аудандық спорт бөлімінің статист маманы.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары!
Мен Жамбыл ауылдық округінің әкімі қызметіне сайлау арқылы келсем, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, елді мекеннің тұрақты дамуына бағытталған мынадай жұмыстарды жүзеге асыруға күш саламын:
— Экономиканы дамыту: Ауылдық округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасаймын. Жергілікті кірістерді тиімді жоспарлап, ашық әрі әділ пайдалануға мән беремін.
— Ауыл шаруашылығын қолдау: Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығына берілетін субсидиялар мен техникалық қолдауларға тұрғындардың еркін әрі әділ қол жеткізуіне жағдай жасаймын.
— Инфрақұрылымды жақсарту: Ішкі жолдарды жөндеу, көше жарықтарын орнату, ауыз су және интернет желілерін дамыту бағытында нақты жобалар әзірлеп, тиісті мекемелермен бірлесе іске асырамын.
— Әлеуметтік қолдау: Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедек жандар мен қарттарға көмек көрсету механизмдерін жетілдіріп, демеушілерді тарта отырып қайырымдылық іс-шараларын күшейтемін.
— Жастар мен білім: Жастарды отансүйгіштікке, еңбекке баулу бағытында мәдени, спорттық және тәрбие шараларын тұрақты ұйымдастырамын. Білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатып, білім сапасына үлес қосамын.
— Жер мәселесі: Жайылымдық және егістік жерлерді әділ үлестіру, пайдаланылмай жатқан жерлерді тиімді айналымға қосу мәселесін тұрғындармен бірлесіп шешуге жұмыс жасаймын.
Ауылдың өсіп-өркендеуі – әрбір азаматтың ортақ тілегі. Мен өз білімім мен тәжірибемді ауыл игілігіне жұмсап, ел сенімін ақтауға дайынмын. Ауылымыздың келешегі жарқын болуына бірге атсалысайық!