ЖАРЫС АЛАҢЫНДА АРДАГЕРЛЕР

0

1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында Қордай ауылындағы спорт кешенінде ардагерлер арасында бірнеше спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен турнирге ауылдық округтерден келген ардагерлер қатысып, өзара мықтыны анықтап, бір-бірін алдағы мерекемен құттықтады.
Іс-шарада аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дидар Молдағалиев қарияларды мерекелерімен құттықтап, жарыс алаңында сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ауданымыздың спорт саласының ардагері Нұрғали Өмірзақов та сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізіп, барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Ардагерлер шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, дартс сынды спорт түрлерінен сайысып, командалық есепте бірінші орыннан Бетқайнар ауылдық округі табылса, екінші Үлкен Сұлутөр, ал үшінші орынға Кенен ауылдық округінің командасы жайғасты.
Әр спорт түріне жекелей тоқтасақ: шахмат бойынша 1-орын – Т.Мұсаханов (Кенен), 2-орын – С.Сайбиров (Бетқайнар), 3 – орын Б.Журунов (Үлкен Сұлутөр).
Дойбы бойынша: 1-орын – Б.Журунов (Үлкен Сұлутөр), 2-орын – Т.Абдрасилов (Қордай), 3-орын – Қ.Түркменов (Қордай).
Тоғызқұмалақтан: 1-орын – Н.Өмірзақов (Қордай), 2-орын – Т.Мұсаханов (Кенен), ал 3-орын – С.Амиров (Бетқайнар).
Ұлттық ойын Асық атудан: 1-орын – Ж.Жақаев (Бетқайнар), 2-орын – Б.Жанбосынов (Қордай), 3-орын – Т.Махамбетов (Үлкен Сұлутөр).
Дартс ойынынан: 1-орын – А.Сафронов (Қордай), 2-орын – Е.Иманғалиев (Әлжан ана), 3-орын – Қ.Кеженбаев (Бетқайнар).
Әйелдер арасынан тоғызқұмалақ ойыны бойынша 1-орынды А.Косшеғулова (Қаракемер) жеңіп алды.
Турнир соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет барлық жеңімпаздарды келе жатқан Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, дендеріне саулық, күш-қуат және отбастарына амандық тіледі. Сонымен қатар, Біржан Әбдікерімұлы жеңімпаздарға грамоталар және сыйлықтар табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.