ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

0

«Мен, Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын …» деп басталатын Әскери анттың қасиетті сөздері әрбір ер азаматтың жүрегінде оның өмірінің соңына дейін сақталады.

Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 21450 әскери бөлімінде көктемгі мезгілінде шақырылған 270-ге жуық жас сарбаздары әскери ант қабылдады. Айтулы мерекеде әскери бөлімнің жауынгерлік туы саптық алаңға шығарылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Ант қабылдау рәсіміне Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Ержан Мейрманов және Әскери тергеу бөлімінің бастығы подполковник Нұрлан Аликайдаров, Ауған соғысының ардагерлері және Алматы қаласының Сарбаз аналар комитетінің өкілі Татьяна Тропина келіп қатысып тамашалап жас сарбаздарды ант қабылдауымен жылы тілегімен құттықтады.
Сөз арасында осыдан 32 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның Әскери ант мәтінін бекітуде Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың көп еңбек сіңіргенін айта кеткен жөн.
2023 жылғы 27 мамырда Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдерінің жас сарбаздары халық алдында Әскери ант қабылдап, уәде беріп, әскери өмірге қадам басты. «Түзел! Тік тұр!» деген пәрменмен басталған салтанатты іс-шара қалашықты дүр сілкіндіргендей. Осы бір сәт әрбір сарбаздың бойынан халық алдында ел қорғауға әзір екендігін мәлімдеудің жауапкершілігі мен толқуы байқалса, екінші жағынан «Отан қорғаушысымын» деген мақтаныш сезімдері де самал желдей есіп тұрды. Мұндай әсерлі сәт Отаным, елім, жерім дейтін әрбір азаматтың бойында мақтаныш сезімдерін оятатыны сөзсіз.
40-шы «Отар» әскери базасының бастығы полковник Ержан Мейрманов сарбаздарды Әскери ант қабылдауларымен құттықтап, оларды сертке адал болуға, әскери өмірдің қиыншылықтарына шыдамдылықпен, табандылықпен төтеп беруге шақырды.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.