ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ

0

 

Әскери даярлық, әскери міндеттілерді қайта даярлау, білімін жетілдіру, қажетті жауынгерлік дайындық деңгейі мен машықтарын пысықтау бұрыннан келе жатқан дәстүрлі іс. 26 шілдеде өткен ҚР Қарулы Күштерінің әскери міндеттілермен жыл сайынғы тексеру, оқу-жаттығу жиынына дайындық Қордай ауылы Ахмет Байтұрсынов атындағы  орта мектебінде басталды.

Таңмен запастағы әскерилер сол орынға шоғырланып, «Қордай – 2023» тексеру-жиынына дайындықты бастап кетті. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың 26 шілде мен 4 тамыз аралығында аталмыш жиынды өткізу туралы қаулысына сәйкес ұйымдастырылған шара барысында алдымен тізім жасақталып, 10 күндік дайындықтан өтушілерге әскери киімдер берілді. Одан кейін олар Гвардейский гарнизоны жанындағы «Мәтібұлақ» полигонына жол тартты. Жауынгерлік даярлық деңгейі мен машықтарын осында пысықтайтын жігіттер тас-түйін дайындықпен сап түзеді.

Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров әрдайым дайындығы жақсы, Отан қорғауға қалтқысыз қызмет етуге даяр тұратын азаматтарға сәттілік айтып, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды.

Айта кетер болсақ, «Қордай -2023» тексеру жиыны барысында Қордай ауданынан 5 аумақтық қорғаныс батальоны құрылған. Онда запастағы сарбаздар, сержанттар мен офицерлер бар. Олар далалық лагерде  тактикалық арнайы оқу-жаттығулардан өтетін болады.  Әскери оқу-жаттығу жиындары кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен лауазымы сақталады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.