ҚАЗАҚ БАТЫРЫ МӘҢГІ ЕСТЕ

0

Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, №1-ші Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 99 жылдығы аталып өтті.

Салтанатты шарада мемлекеттік Әнұранымыз орындалып, Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ әскери қызметшілер батырдың жарқын бейнесін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Шара соңында әскери қызметшілер батырдың ескерткішінің алдынан саптық жүріспен өтті.
Іс-шараның жалғасы ретінде гарнизон командирі оқудың бірінші кезеңінде жауынгерлік дайындықта үздік нәтиже көрсеткен әскери бөлімдердің әскери қызметшілерін грамоталармен марапаттады және кішігірім концерт өткізілді, онда басты назар офицерлердің бал биін орындау болды және де әндер шырқағанын көрермендер тамашалады.
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1942 жылы мектептен Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркменстанның Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1943 жылдың сәуір айында майданға аттанады. 1945 жылы 27 ақпанда Польша жерінде жау қорғанысын бұзып өту кезіндегі жауынгерлік тапсырманы ержүректілікпен орындап, көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1994 жылдың 23 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен оған №1-ші Халық Қаһарманы атағы мен «Алтын жұлдыз» табыс етілді.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.