ҚҰРМЕТТІ ҚОРДАЙЛЫҚТАР!

0

Балаларыңыздың бос уақытын тиімді әрі пайдалы етіп өткізгендерін қаласаңыздар, біздің орталыққа  келіңіздер!

Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығы екі бағытта жұмыс істейді: кәсіптік-техникалық және сәндік қолданбалы қолөнер.

Біздің орталықта «Шебер қолдар» мен «Интерьер дизайны», «Автоүлгілеу», «Кемеүлгілеу» және «Авиаүлгілеу», «Жас техник» пен «Ағашты өңдеу және ою», «Автокөлік ісі» мен «Автоэлектрик», «IT- сынып», «Тігін ісі» мен «Шаштараз өнері» «Аспазшы өнері» мен «Жас кондитер»,  «Пікірсайыс», «Умелые ручки» мен «Сәндік қолданбалы қолөнер», «Алғашқы техникалық модельдеу» , «Жас даяшы мектебі», «Сиқырлы ілмек», «Сөз өнері» сияқты үйірмелер бар. Оқу жылы аяқталғанда «Автокөлік ісі», «Автоэлектрик», «Шаштараз өнері», «Тігін ісі», «Аспазшы өнері» мен «Жас кондитер» салалары бойынша куәлік беріледі.

7-18 жас аралығындағы балалар қабылданады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.Сабақтар аптасына 2 рет өтеді. Оқу ақысы ТЕГІН.

Қажетті құжаттар: өтініш, №27У үлгідегі мед.анықтама, туу туралы куәлігінің (жеке куәлік) көшірмесі

Мекен жайымыз: Қордай

ауылы, Жібек жолы көшесі 393. Байланыс телефоны: 

4-82-73

Leave A Reply

Your email address will not be published.