«ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ» ШАПАҒАТЫ

0

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасының шапағатын көрген аудан жастары туралы газетімізде жиі жариялап тұрамыз. Бүгінгі мақаламызда жастарды қолдауға арналған жарқын жобаның игілігін көріп отырған кезекті кейіпкерлерімізбен таныс боласыздар.

Аманжолова Құндыз Бақтығалиқызы – Қордай ауылының тұрғыны, 2022 жылы Қордай ауданы әкімідігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, «Жастар тәжірибесімен» бастауыш сынып мұғалімі ретінде «Bolashak» ЖШС-гі мектепке дейінгі ұйымына жолданды. Жастар тәжірибесін сәтті аяқтап, «Bolashak» ЖШС-гі мектепке дейінгі ұйымына тұрақты жұмысқа қабылданды.
Деркенбай Толқын Мұхитқызы Қордай ауылының тұрғыны, 2022 жылы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, «Жастар тәжірибесімен» дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде «Сенім-Қордай» ЖШС-не жолданды. «Жастар тәжірибесін» сәтті аяқтап, «Сенім-Қордай» ЖШС-не тұрақты жұмысқа қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.