«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ

0

Үстіміздегі жылдың сәуір айынан ауданымызда «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы бастау алып, бағдарлама аясында жұмысқа тартылған жастар аудан аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына кірісті.

Осыған орай, 18 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде «Жасыл ел» еңбек жасағы маусымының ашылуына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай және Қордай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің жетекшісі Ә.Сейілханов, «Қордай» гуманитарлы-экономикалық, «Береке» гуманитарлы-техникалық, №7 Бетқайнар және Қордай ауыл шаруашылық колледждерінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, волонтерлер қатысты. Жиында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының 2021 жылғы маусымында ерекше көзге түскен Р.Жұмаділ, Г.Таиров, Д.Кадиржан, Н.Жапарқалықова, Д.Жұмағалиеваға аудан әкімнің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары және гүл шоқтары табыс етілсе, Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» атты облыстық жастар энциклопедиясына енген ауданның белсенді жастары А.Исраилова, С.Насыров, Т.Қыдырбекке аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай энциклопедияны тапсырды. Сонымен қатар, Қордай ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы сөз алып «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, Республикалық волонтерлер офисінің басшысы Т.Миронюктің алғыс хатымен А.Мусарова, Т.Құдайбергенова сынды белсенді еріктілерді марапаттады.
Салтанатты жиын арнайы әзірленген концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.