Қордай аудандық мемлекеттік архивінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл аудан жастарының қатысуымен маңызды кездесу өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – жастарға Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы бойынша ақпарат беру және оның мазмұнын, маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында жастардың конституциялық құқықтары, міндеттері және еліміздің саяси жүйесінде болатын жаңашылдықтар туралы әңгіме болды.
Аудан басшысының орынбасары Жаңа Конституцияның ел дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті. Ол құжаттың 1 шілдеден бастап күшіне енгендігін, сондай-ақ бұрынғы Конституциямен салыстырғанда көптеген маңызды айырмашылықтарды қамтитынын айтты.
Жаңа Конституция – бұл мемлекеттің орнықты дамуының негізі ретінде қабылданып отыр, сондықтан оның мазмұны мен идеялары әрбір азамат үшін, әсіресе жастар үшін маңызды.
«Адам құқықтары мен заң үстемдігі біздің қоғамымыздың негізі болуы тиіс»,-деді Нұрболат Ақынғалиұлы.
Жиын барысында жастар да өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. Нұрболат Сатымқұл жастардың шараға белсенді қатысуы жаңа Конституцияны түсінуге және оны насихаттауға үлес қосатынына сенім білдірді. Ол жастарға өзінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін білу, сондай-ақ елдегі саяси процестерге белсенді қатысу қажеттілігін ескертті. Жиынның соңында әкімнің орынбасары жастарды қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырып, Қазақстанның болашағында олардың рөлі маңызды екенін атап өтті.
Жаңа Конституцияның қабылдануы – еліміздің дамуындағы кезеңді жан-жақты түсіну үшін жастардың міндетті түрде құжатпен танысып, оны өз өмірінде қолдануына мүмкіндік береді.