ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА ФАРИЗАТ!

0

Өскеменде жеңіл атлетикадан 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

№1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Фаризат Бачиева №18 Қордай жасөспірімдер спорт мектебінің атынан Жамбыл облысы құрама командасының құрамында өнер көрсетті. 800 метрге жүгіруде 34 қыз бақ сынаса, Фаризатқа тең келер ешкім болмады. Ол тағы да сенімді жеңіске жетті. 1500 метрге жүгіруде 32 спортшы бақ сынады. Бұл жолы да жерлесіміз сенімді жеңіске жетіп, ең мықты екенін дәлелдеді! Қысқы ел чемпионатындағы екі алтын медаль жаттықтырушы Алина Ахметова мен №18 жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дулат Бердияровтың қажырлы еңбегінің арқасында лайықты нәтиже және сөзсіз үлкен жетістік.

Фаризат Бачиева – Қазақстанның екі дүркін чемпионы, жастайынан жоғары нәтижелерге қол жеткізген болашағынан үміт күттіретін спортшы. Облыстық және халықаралық чемпионаттарда үнемі жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.