🗓 2026 жылғы 23 тамыз – еліміздің болашағы үшін маңызды күн. Тәуелсіз еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган — Құрылтай депутаттарын сайлау күні белгіленді.
Сайлау туралы негізгі деректер:
🔹 Құрылтай құрамына партиялық тізім бойынша 145 депутат кіреді.
🔹 Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланады.
🔹 Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы өтеді.
Кімдер депутат бола алады?
✔️ 25 жасқа толған, елімізде соңғы 10 жыл бойы тұрақты тұратын ҚР азаматтары.
✔️ Партиялық тізімде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар жандардың үлесі кемінде 30%-ды құрауы тиіс.
ҚҰРЫЛТАЙ
Next Post