ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

0

ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР ӘЖЕЛЕР, АПАЛАР, ХАНЫМДАР!

Қордай аудандық Ардагерлер ұйымы Сіздерді табиғаттың тамаша күні, көктем мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер Тәуелсіз еліміздің көркеюі жолында ер-азаматтарға сенімді тірек болумен қатар, бар саналы ғұмырларыңызды еңбек етіп, еліміздің дамып, өркендеп өсуіне үлкен үлестеріңізді қостыңыздар. Қазір де егде жаста болсаңыздар да, қоғам ісіне белсене араласып, ел игілігін еселеу жолында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Жас ұрпақтарды, немере- шөберелеріңізді отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу жолында үлкен жұмыстар атқарып жүрсіздер. Осы атқарған ерен еңбегіңіз үшін аудандық Ардагерлер кеңесі Сіздерге зор АЛҒЫС білдіреді.

Осынау мерейлі мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз тілейміз.

Б.ӘЛІМБЕТ, Қордай аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.