Жамбыл ауылдық округінің әкіміне үміткер Кумбашев Дамир Серікұлы

0

Өмірбаян

Кумбашев Дамир Серікұлы 1987 жылы 24 мамырында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қақпатас ауылында дүниеге келген. Ұлты: Қазақ. Білімі: Жоғары.

2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде агрономия мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылдан Қазақстан Республикасы, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Республикалық фитосанитарлық диаг-ностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ. Қордай аудандық филиалында карантиндік нысандарды анықтаушы болып жұмыс бастаған.

2014 жылы бүгінгі күнге дейін Қақпатас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Үйленген. 4 бала тәрбилеуде.

Сайлауалды бағдарламасы

Егер мен Жамбыл ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, көрсетілген мәселелерді ауылда жүзеге асыруға үлес қосамын;

Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті дамыта отырып, жергілікті салықтардан түсетін кіріс көздерін ауылдағы қауымдастық кеңес және ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ақылдаса отырып қажетті шаруаға жұмсау, ауылдың жағдайын ары қарай жақсарту үшін күш жігерімді саламын;

Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен қаржылай қолдауға шаруа қожалықтарының қолжетімдігін қамтамасыз етемін;

Ауылда қоғамдық тәртіптің сақталуына, ауыл жастарының тәрбиесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземін;

Ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көп балалы аналарға әлеуметтік және қайрылымдық көмек көрсетуге ықпал етемін;

Алдағы уақытта әлуметтік сала, экономика, инфроқұрылымның дамуына, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, атқарылып жатқан өзге де саяси бағыттардың жүзеге асуына үлес қосамын.

Ауылдағы жайылым жерлер мәселесін қарастыруға ықпал етемін.

Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.