ҚАЗІРГІ ҚАРҚЫН ЖАМАН ЕМЕС

0

ЖИЫН-ТЕРІМ НАУЌАНЫ

Қазір жалпы аймағымызда жиын-терім науқаны аяқталуға таяу. Осы орайда аудан бойынша ауыл шаруашылығының бүгіні турасында, биылғы қол жеткізген жетістіктер, алынған өнім мен техника жайында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінен сұрап білген едік.

Сонымен, ауданның ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі– 24856,5 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,5%, болған. Осының ішінде егін шаруашылығы өнімінің көлемі– 9552,2 млн, ал
мал шаруашылығы өнімінің көлемі – 15304,2 млн теңге. Егін шаруашылығына нақтылай тоқталар болсақ. 2022 жылы егілетін жер көлемін 131860 га жеткізу жоспарланған. Ол жоспар негізінен орындалған. Мәселен, дақылдар бойынша күздік бидай — 22200 га, жаздық арпа — 46200 га, дәндік жүгері 8000 га, картоп 3700 га, қант қызылшасы 20 га, көкөніс — 6750 га, бақша дақылдары — 600 га, майлы дақылдар — 1270 га, құлпынай — 20 га, азықтық дақылдар көлемі — 43100 га, пар — 7584 га болған.
Биылғы жылы жоспар бойынша 68400 га масақты дақылдарды ору көзделген Оның ішінде 22200 га күздік бидай, 46200 га жаздық арпа бар.
Егін орағына аудан бойынша барлығы 105 астық комбайындары және 368 автокөлік пен 582 трактор жұмылдырылған. Астық қабылдауға 21 қырман, 29 автокөлік таразылары, 15 тұқым тазалағыш қондырғылар қатысқан. Қазіргі таңда масақты дақылдар 68400 гектары толығымен орылып, 115 596 тн астық бастырылған. Аудан бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі 16,9 центнерден айналыпты. Оның ішінде күздік бидайдан 22 200 га, алынған өнім 37 980 тн, орташа өнімділігі 17,1 ц/га, жаздық арпа 46 200 га, алынған өнім 77 616 тн, орташа өнімділігі 16,8 ц/га. Егілген 8 000 гектар дәндік жүгеріден 52 000 тн, орташа өнімділігі 65 ц/га алу күтілуде.
Ал, ауыл шаруашылығы дақылдары жинау жұмыстары жайына келер болсақ картоп — 2480 га алынған өнім 57040 тн, орташа өнімділігі 230 ц/га, пияз 2330 га, алынған өнім 58949 тн, орташа өнімділігі 253 ц/га, қырыққабат 165 га, алынған өнім 3135 тн,орташа өнімділігі 190 ц/га, сәбіз 345 га алынған өнім 8970 тн,орташа өнімділігі 260 ц/га, қияр 493 га алынған өнім 10846 тн,орташа өнімділігі 220 ц/га, қызанақ 595 га алынған өнім 14280 тн,орташа өнімділігі 240 ц/га , бақша 526 га, алынған өнім 14308 тн, орташа өнімділігі 280 ц/га. Бұл жұмыстар жалғасуда.

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЖАНАРМАЙ ЖАЙЫ

Жаз айларындағы аса маңызды науқандардың бірі мал азығын жинау. Тамызға берілген мәліметтерге сүйенсек, аудан бойынша мал азығын дайындау үшін жалпы 51125 гектар алқап шабылған. Оның ішінде көп жылдық шөп 24100 га (2 орым), 17800 га бір жылдық шөп, 9225 га табиғи шабындық шөп. Жалпы шөп дайындау нақуаны толықтай аяқталған. Шаруалар қыс айларына қамданып үлгерген.

Ауыл шарушалығына инвестиция тарту – бұл саланы дамытудың бірден бір жолы. Биылғы жылдың 7 айында 752,7 млн теңге инвестиция тартылыпты. 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында аудан шаруалары өз қаражаттарына 80 бірлік трактор және құрал жабдықтарын сатып алған, барлығы 696,7 млн. тг құраған. Осылардың қатарында маңыздылығы бір кем емес су үнемдеу технологиясына келер болсақ, ол бойынша бүгінгі күнге ауданда жалпы 13430 гектар алқап су үнемдеу технологиясымен суғарылуда. 2021 жылы 12830 га болған. Жаңа технологияны игерудің осыдан артқанын байқаймыз.
Субсидия бойынша тоқталар болсақ, 2022 жылдың 6 айында ауданның ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 1872,1 млн. теңге субсидия бөлінген. Дала жұмыстары жүргізу үшін жанармайдың болуы, оның қолжетімділігі аса маңызды. Осы орайда аудан әкімдігінің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарына 1950 тонна кепілді дизель отыны берілген, оның ішінде: ақпан айына 650 тонна, наурыз айына 520 тонна, сәуір айына 455 тонна, маусым айына 325 тонна. Оператор қызметтерін «Элемир» және «Азия Нефтепродукт» атқаруда. Шаруашылықтар тарапынан тапсырыстарды «Қолдау.кз» интернет порталы және бөлім арқылы жүргізілген. Бүгінгі күнге «Элемир» ЖШС-нан 39 шаруашылық 735,9 тн, «АзияНефтепродукт» ЖШС-нан 37 шаруашылық 645 тн дизель отынын алған. Ал, күзгі дала жұмыстарына 1235 тн кепілді дизель отыны бөлінді, оның ішінде шілде айына 390 тн, тамыз айына 390 тн, қыркүйек айына 260 тн, қазан айына 195 тн. Бүгінгі күнге «Элемир» ЖШС-нан 17 шаруашылық 209,4 тн, «АзияНефтепродукт» ЖШС-нан 14 шаруашылық 193 тн дизель отыны алып үлгерген.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫЄЫ ЖӘНЕ ЖАЅА ЖОБАЛАР

Мал шаруашылығына жекелей тоқталсақ. Аудан бойынша 2022 жылдың 1 тамызына мал саны: МІҚ — 84296 бас, жылқы – 19158 бас, қой — ешкі – 509048 бас, шошқа 1515 бас және құстар – 140043 болып отыр.

Өндірілген ет көлемі (тірі салмақта) -7362 тн, сүт- 36501,9 тн. және жұмыртқа -11353,8 мың дана.
Малды қолдан ұрықтандыру бойынша ауданда «QORDAI QAZYNA» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі қосалқы шаруашылық пен шаруа қожалықтардың ірі қара малдарын асыл тұқымды бұқа ұрықтарымен тегін ұрықтандырумен айналысуда.
Қордай ауданы бойынша 2022-2025 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында іске асырылатын жобалардың саны 128, жоба құны 7,3 млрд теңге, жұмыс орны 364 болмақ.
2022 жылы 15 жоба іске асырылмақ. Оларға жекелей тоқталып өтсек. Қордай ауылындағы ЖК «Осломенко» сүт өңдеу цехын салуды жоспарлауда. Жоба құны-40 млн теңге. Аталған кәсіпкер сүт қабылдаумен айналыспақ. Қаракемер, Масаншы, Алға, Қарасу, Степное ауылдарында мал бордақылау алдаңдары салынуда. Кейбірінің жұмысы аяқталып, құжаттары рәсімделуде, ал Степное ауылындағы «Данэль» ШҚ 1500 бас құс ұстайтын модуль орнатып, жұмысын басаған. Сарыбұлақтағы «Нөсер» ШҚ, Степнойдағы ЖК «Дурбалов» балық шаруашылығын қолға алған. Ал, Үлкен Сұлутөр ауылындағы «Сұлутор» ШҚ жоба құны — 125 млн.теңге болатын тамшылатып суғару жүйесін іске қосқан. Шаруашылық 117 гектар жерге себілген дәндік жүгеріні осы әдіспен суғаруда.
Аудан әкімдігінің ауыл шарушалығы бөлімі ұсынған мәліметтерге сүйенсек алдағы 2023 жылы 24 жоба, 2024 жылы 37 жоба, 2025 жылы 52 жоба ауданда іске асырылмақ. Оған қажетті сомасы да қомақты, ашылатын жұмыс орындары да жүздеп саналады. Ендеше, іске сәт.

Leave A Reply

Your email address will not be published.