«АТА ЗАҢЫМ АРДАҒЫМ!»

0

Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің еліміз Қазақстан Республикасында ел тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Халық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Осы мереке қарсаңында Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында «Ата заңым ардағым!» тақырыбында мамандар мен балалардың қатысуымен ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Ғимаратың іші мереке тақырыбына сай безендірілген, балаларымыз бен мамандарымыздың көңіл күйі көтеріңкі, ән ұранды орындаудан басталды. Балалар Отан, Қазақстан, қазақ елі туралы тақпақтарын жатқа айтып, еліміздің рәміздерін атады, сонымен қатар жүргізушінің қойған сұрақтарына мүдірмей жауап беріп, өздерінің патриоттық сезімдерін дәлелдеді. Қазақстанның көргенге көзі тоймайтын тау-тасы, өзен-суы, егістігі, даласы мен қаласы туралы қысқаша мәліметтер беріліп, слаидттар көрсетілді. Таңғаларлық сәтке «Бақыт құсы» келіп, конституция кітабы мен тудың бейнесін тәтті тортқа безендіріп, шығармашылық жұмыс жасады, әр бала өзінің тілектері жазылған қағаздарды шарларға жабыстырып, аспанға ұшырды және сол тілектердің орындалатындығына кәміл сенеміз.
Мамандардың орындалуында «Жаса Қазақстан» әні мен «Жасыл жайлау» әнін хормен орындап, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.