ҚОЛ КҮРЕСТЕН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

0

17-24 тамыз күндері Алматы облысы, Талғар қаласында қол күрестен өткен Азия чемпионатында №5 Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының спортшысы Мағжан Төлеген жасөспірімдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде I-орынды иеленіп, Азия чемпионы атанды. Қол күрес үйірмесінің мұғалімі Нұрсерік Қуатбаевтан тәлім алатын спортшының алда бағындырар биіктері көп болады деген сенімдеміз. 

Олай дейтініміз білекті жігіт Қазақстан Республикасының атынан Түркияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ. Степной ауылындағы қарапайым отбасынан шыққан Мағжан әлемдік деңгейде ел намысын абыроймен қорғайды деген сенімдеміз.

Тағы бір жағымды жаңалық, №3 Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының спортшысы Раушан Джаналиева қол күрестен Азия чемпионы атанды. Осыған дейін көктем айларында Дубайда өткен әлем біріншілігінде топ жарған Раушан енді Түркияға жол тартпақ. Бақ пен бағы келіссе онда да ел байрағын биікке көтереді деген сенім мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.