ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛДЫҚ ТАНЫТҚАН 33 ЖЫЛ

0

Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет ететін, ел игілігіне бағытталған абыройлы міндет. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болу үшін түрлі кезеңдерден, сонымен қоса сынақ мерзімінен өту керек. Іріктеліп, оза шыққан маман ғана мемлекеттік қызметші атана алады. Сондықтанда мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек ету үлкен күш-жігерді талап етеді.

Міне, осындай ұзақ жыл еңбегін жалғастырып келе жатқан үлгілі мемлекеттік қызметшілердің бірі – Жолдахан Айыпова. Ол Кенен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарады. Оның балалық шағы мен тәрбиесі өнегелі отбасы мен дәстүрлі құндылықтар негізінде қалыптасты. Мектепті ойдағыдай тәмамдағаннан кейін, өз білімін жалғастыру үшін Алматы қаласындағы полиграфиялық училищеге түседі. 1991-1993 жылдар аралығында ол «машинист-стенографист» мамандығын игеріп, кәсіби білімімен қаруланады. Бұл оның болашақ мансабындағы алғашқы қадамдарына негіз болды.

Еңбек жолын 1993 жылы өз туып-өскен ауылында әскери есеп столының маманы ретінде бастайды. Бұл кезеңде ол мемлекеттік қызметтің жұмыс істеу әдістеріне, тұрғындармен өзара қарым-қатынас орнатуға үйренеді. Алғашқы алты жылында көптеген тәжірибе жинап, мемлекеттік қызметте табысты іске асыруға қажетті дағдыларды меңгереді. Сәйкесінше, осы лауазымда қызмет атқарғаннан кейін, қаржы агенті лауазымына ауысады, бұл оның кәсіби өсімінің жаңа кезеңін бастайды.

Кейіпкеріміз, мемлекеттік қызметте нақты міндеттерді орындаумен қатар, өз тәжірибесін жан-жақты өз қабілетін жан-жақты жетілдіруде. Өз міндеттерін орындау барысында ұжыммен белсенді жұмыс істей жүріп, әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға үлкен мән береді.

Оның еңбек жолында жинақтаған көпжылдық тәжірибесі – мемлекеттік қызмет саласында жоғары білікті маман болып қалыптасуына мүмкіндік берді. Демек, өз қабілеттерін арттыру мен жаңа тәжірибелер жинауға әрдайым дайын. Сыртқы әлеммен үйлесімділікті сақтау, тұрғындардың сұраныстарын дұрыс түсіну, және оларды орындау – мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттері. Сол себепті, Жолдахан Желеуқызы халыққа қызмет етуге деген өз жауапкершілігі мен адалдығын әрдайым сақтай отырып, өз дағдылары мен білімін жетілдіруге күш салады.

«1993 жылы мемлекеттік қызмет саласына келдім. Ең алғаш Оңғар Алдасүгіровпен бірге жұмыс істедім. Кейінірек, Әскен Бәтішов, Бақыт Аршабеков, Жандос Омаров, Марат Оспанов, Жайлыбек Шадиев, Қанат Атамқұлов, Нұркен Жаманкөзовтар әкім болды. Кейін жас та болса бас болып Арман Жылыбаев сайланды. Әрбір әкімнің салып кеткен сара жолы бар. Оларды бөліп-жаруға болмас», — дейді маман.

Тәжірибелі маманның еңбек жолы – тек жеке жетістіктермен ғана емес, сонымен қатар ұжым болып істеген бірлескен жобалармен толы.

Ол еңбек қызметінде өзінің жинақтаған тәжірибесі мен білімдерін болашақ ұрпаққа жеткізу, оларды тәрбиелеу мақсатында барлық күш-жігерін жұмсауда.

Бүгінде білікті маман еңбек жолында түйген ойлары мен тәжірибилерімен бөлісіп жүреді. Сонымен қатар, отыз жылдан аса аталмыш салаға еңбек сіңіріп, елеулі үлес қосып келе жатқан білікті маман әріптестері арасында сыйлы.

Жолдахан Желеуқызы өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен, біліктілігімен қызметтестері арасында ерекшеленеді. Жас мамандарға жұмыстың қыр-сырын үйретіп, үлгілі қызмет атқаруда. Сондай-ақ, ол білікті кадр ғана емес, отбасында бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған бақытты ана. Білікті маман әрдайым, биіктерден көріне берсін!

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.