ӨТКЕН ҒАСЫРДАҒЫ ЦЕМЗАУЫТ

0

Ауданның құрылыс индустриясының тұңғышы – цемент өнімдерін шығаратын бірден-бір кәсіпорын Шу цемент зауыты болып табылады. Құрылыстың бастамашысы инженер-гидротехник, Шу өзені алабындағы жер, су және энергетикалық ресурстарды зерттеу және пайдалану жөніндегі жобалау-іздестіру жобасының бастығы, Қырғыз ССР-інің Еңбек сіңірген ирригаторы Владимир Александрович Васильев болды.

Өңірде ауыл шаруашылығы дамыған тұста суармалы су тапшылығы байқалды, суару жүйесі жоқтың қасы болды. 1909 жылы профессор В.А.Васильев Шу өзеніне бөгет салу бойынша зерттеу жұмыстарын бастады, жұмысқа цемент қажет болды. Сөйтіп, ол сол жылы зауыт құрылысын ұйымдастырды.
Шу цемент зауытының тарихы Қазақстан мен оның халқының тарихымен байланысты. Зауыт неміс инженер-химик Марк Юлиевич Штетштейннің жетекшілігімен шөлейт жердің орнына салына бастады. Зауыт құрылысы 1909 жылдан 1916 жылға дейін салынды. Құрылысқа цемент Новороссийскіден темір жол арқылы Ташкент қаласына, Ташкенттен ат көлігімен (арбамен) құрылыс алаңына жеткізілді. Материалдары — ағаш, металл, жабдықтар, тіпті таңбалары бар шегелер Германияда жасалған еді.
1916 жылы зауыт іске қосылып, бір шахталы пеш жұмыс істеп тұрды, жоғары сапалы жоғары сортты цемент шығарыла бастады. Эксперимент барысында профессор В.Васильев өзі қатысып, сапаны жоғары бағалады. Цемент сапасы жақсы болғандықтан құрылыстарды, атап айтқанда бөгетті салуға жарамды деп танылды. Сонымен, сол 1916 жылы алғашқы цемент шығарылды.
Құрылысшылар тұрып жатқан осы ауылда қатар-қатар үйлер бой көтерді. Кейін дәл осы құрылысшылар кәсіпқой зауыт жұмысшылары болды. Сондай-ақ, осындағы үйлерде зауыт басшылығы, телефон-телеграф байланысы, коммутатор жайғасты. Жеке электр станциясы зауыт пен ауыл тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз етті.
Бұл жерде соғысқа дейін мектеп болған. Алғашқы директоры Александр Петрович Никитенко еді. Соғыс басталып, А.Никитенко майданға аттанды. Келесі директор болып 1958 жылға дейін жұмыс істеген Батлук Дарья Ивановна (Бетқайнар ауылындағы мектеп директоры Павел Иванович Будаковтың әйелі) тағайындалды. Соғыстан кейін мектеп жетіжылдық, кейін орта мектеп болды. Соғысқа дейін де ауылда Цемзауыт ауылы мен Чумыш ауылының тұрғындарына қызмет көрсететін фельдшерлік пункт жұмыс істеген.
Біздің фельдшерлік пунктімізде Александра Николаевна Павлова жұмыс істеді. Ол сауатты дәрігер болды, науқастарға анализсіз диагноз қоятын, оны «біздің профессор» деп атайтын. Александра Павлова тәуліктің кез келген уақытында көмектесуге дайын болды. Ол қазір тірі болмаса да, қариялар оның еңбегін ұмытқан жоқ. Айтпақшы, Александра Николаевна ауыл дәрігері Н.П.Паловтың қызы болса, қазір оның өмір жолын аудандық аурухананың зертхана меңгерушісі болып істейтін қызы Волколупова Ольга Николаевна жалғастыруда.
Цемзавод соғысқа дейінгі жылдарда жақсы дамыған елді мекендердің бірі болды. Бұл жерде пошта бөлімшесі болған. Тіпті шайқастардағы жеңістерді хабарлайтын дауыс ұлғайтқыш орнатылған еді. Орыстар мен қазақтар, татарлар мен еврейлер, украиндар тағы басқалар бірге өмір сүрді.Олар барын бөлісті.
…Одан бері талай уақыт өтті, талай қариялар қазір тірі емес. Бірақ Цемзауыт ауылы өмірін жалғастыруда.

В.ХОМУЛЛО, Цемзауыт тұрғыны

Leave A Reply

Your email address will not be published.