СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

0

Кәсіби мереке – спорт күні қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа баулу мақсатында орталық стадионда Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен спартакиада ұйымдастырылды.

Спорт сүйер қауымды мерекемен құттықтауға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай және Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Нұрдин Садықов келіп, жылы лебіздерін жеткізді. Құттықтаушылар соңғы жылдары ауданымызда салауатты өмір салтына ден қойғандар саны артқанын, оған ашылып жатқан көптеген спорт алаңшалары мен спорт кешендері сеп болып отырғанын жеткізді.
Содан кейін, мерекеге орай ауданымызға спорттың дамуына ерекше атсалысып жүрген 49 спортшы мен аталмыш сала қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Сол күні ұйымдастырылған спартакиада барысында аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айжан Қазығұлованың жарыс бекітілген ережелерге сай жүргізілгенін айтты. Мәселен, жарыс жамбы ату, асық ату, жеңіл атлетика, эстафета, дартс, арқан тарту, армрестлинг сынды 7 спорт түрінен өтті. Жеңіске қол жеткізгендер мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.