РУСТАМ – «ЖАНГ САНЪАТИДАН» ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

0

9-12 наурыз аралығында Шымкент қаласында «Jang sanati»  бойынша ашық әлем чемпионаты өтті. Елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі спорт додасына Өзбекстан, Қазақстан Тәжікстан, Қырғызстан, Украина, Ресей, Үндістан, Франция, Корея сынды елдердің командалары қатысты.

Жалпы «Жанг Санъати» жекпе-жек өнерінің ғасырлар бойғы дәстүрлерін, сондай-ақ басқа да шығыс жекпе-жектерінің ең тиімді жауынгерлік жүйелерінің элементтерін қамтитын заманауи спорт түрі. 2009 жылы көршілес Өзбек елінде негізі қаланған бұл спорт түріне деген жастардың қызығушылығы артып келеді. Қордай ауданында да «Жанг Санъатимен» кәсіби түрде айналысып жүрген спортшы бар. Ол – Ауқатты ауылының тұрғыны Рустам Курбанов. Рустам Азизович аталмыш чемпионатқа қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, әлем кубогының иегері атанды. Сенімді ойын көрсеткен ол Ресей, Өзбекстан елдерінен келген спортшыларды тізе бүктіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Тоғыз жасар жауынгер Бішкек қаласындағы «KIKER69» спорт клубында жаттығады. Негізгі бағыты тай боксы, сонымен қатар кунг-фу, кикбоксинг, муай тай және «Жанг Санъати» спорт түрлері бойынша да өзін дамытуда. Рустамның осы күнге дейін жеткен жетістіктері де аз емес: Бішкектегі тай боксының чемпионы, кунг-фудан Шу облысының чемпионы, «Жемчужина Кыргызстана» турнирінде «муай-тайдан» чемпион атанған.

Спортты серік еткен жігіттің алға қойған мақсаттары айқын, биыл болатын жарыстарға қызу дайындықты бастап та кеткен. Ал біз Рустамды жеңісімен құттықтап, алдағы сайыстарға сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.