«ОҚЫРМАН ҰРПАҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

0

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылының қараша айынан бастап эксперименттік алаң ашылды. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді ұйымдастырудың-педагогикалық шарттары» атты эксперименттік алаңның негізгі мақсаты: мектеп-гимназия жағдайында оқушыларды рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Эксперименттік алаң аясында мектебімізде «Оқырман ұрпақ» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Осы орайда мектебіміздің дарынды, алғыр, шығармашыл 1-11сынып оқушылары өз ойларынан ертегі шығармаларын кітап қылып шығарды. Мәселен, 11 «Ә» сынып оқушысы, 2022 жылдың «100 кітап», «30 кітап» әдеби шығарма сайыстарының жеңімпазы – Меделхан Айару орыс жазушысы М.Лермонтовтың “Герой нашего времени” шығармасын алып, қазақ тіліне дәлме-дәл аударды, соңында кейіпкерді жақсы жолға бағыттайтын жаңа сюжет арқылы “Қайта жаңғырған қаһарман” атты кітабын жазды. Ал 2 «А» сынып оқушысы Бауыржан Малика Қордай өңіріне арнап «Алтын бесік Қордайым» атты саяхат-кітабын шығарды.   2 «Ә» сынып оқушысы, «Шаттық» вокал тобының мүшесі Эдик Айша «Түйме планетасындағы оқиға» атты кітабын жазды. Сонымен қатар, Асылбек Иманғали, Болысбаева Алтынай, Итыгулова Айзере, Жақсыметова Толғанай, Озиева Арзу, Марат Нұрали, Ибрагим Мөлдір, Үркімбай Айсұлтан, Бауыржан Алида, Шопен Жанерке, Қалабай Дана, Сидорова Зара, Жақсымбай Әлихан, Есназар Ілияс, Калачева Злата т,б оқушылар өз кітаптарын жарыққа шығарды. Жоба аясында әр оқушының қызығушылығын арттырып, өмірлік адамгершілік қасиеттерді ажыратуды үйретті. Оқушылардың бойында өздеріне деген сенімділіктері арта түсті. Кітап оқудың еш кеші жоқ. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Қорытындылай келе, адам баласына дүниеде кітаптан асқан дос, сырлас жоқ. Себебі, Мұхтар Әуезов айтқандай: «Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін «интеллигент бола бастадым»,- деп санауына болады», — деген. Жас ұрпақтың санасына ойдың қазынасы болып табылатын кітапты ең қымбат сый ретінде ұқтыра білсек, сонда ғана балаларымыз біз армандағандай рухани кемел, терең ойлы, Отанына және асыл дініне адал текті ұрпақ болып өседі деп есептейміз.

Ұлжан ҚАЛДЫБЕК, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының қосымша білім беру педагогі

Leave A Reply

Your email address will not be published.