Қордай ауданында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза бейсенбі» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және елді мекен аумағында санитарлық тазалықты сақтау болып табылады.
Акцияға «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де белсене қатысты. Олар Шу өзенінің каналы бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, жиналған қоқыстарды шығарды. Сонымен қатар, өзен жағалауын абаттандыру мен көгалдандыру шаралары да жүзеге асырылды.
Бұл экологиялық іс-шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, аудан аумағындағы экологиялық ахуалды жақсарту және қоғамда қоршаған ортаны аялау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Мұндай бастамалар өңір тұрғындарының азаматтық жауапкершілігін арттырып, экологиялық сана мен тазалық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
«Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтіп, табиғатты аялауға бағытталған игі істерге белсене қатысуды жалғастыратынын жеткізді.