«АДАМДЫ ЖАСЫ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ӨСІРЕДІ»

0

Ауыл — төл өркенниетіміздің алтын қазығы. Ауылды өркендету- мемлекет алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірі. Ауыл әкімі — Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық жүйесіндегі жергілікті халықпен тікелей байланыс орнататын, атқарушы биліктің ең төменгі әрі ең жауапты буынының өкілі. Ауыл әкіміне жүктелетін міндеттер ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыстық сапасын жақсартуға бағытталғандығы баршамызға аян.

Бұл ретте айтпақ ойымыз Ноғайбай ауыл округының әкімі Ер-Серік Ешмұрат туралы болғалы отыр. Ер-Серік Аманбекұлы алғаш әкім болып тағайындалғанда көпшілік халықтың «Жас бала, ел басқаруға тәжірибесі жете қояр ма екен?» деген күдіктерінің болғаны рас. Бірақ, ол өзінің тікелей басшысы – аудан әкімі Бегзат Болатбековтың бағыт беруімен және қолдауымен, жас та болса, өзінің талмай еңбектенуі, ізденуі, халықпен тіл табысуының арқасында көптеген нәтижелі істерге қол жеткізіп, елдің алғысына бөленіп отырғандығын айта кеткеніміз жөн. Инфрақұрылымды дамыту бағытында ауыл ішіндегі жолдар жөнделіп, асфальт төселіп, көшелер жарықтандырылып, ауыз су және газбен қамтамассыз ету мәселері Ноғайбай, Шарбақты, Сарыбастау ауылдарында теңдей өз шешімін тауып, әлі де ары қарай жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Табысы аз отбасыларды, мүгедектігі бар жандарды және жалғызбасты қарттарды анықтап, оларға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру да дұрыс жолға қойылып, мұқтаж жандар тиісті көмектерін алып келеді. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке қолдау көрсету, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуына қолдау көрсету де тиісті деңгейде жүргізілуде. Ауыл арасын, көшелерді қоқыстан тазарту, санитарлық жағдайды бақылау тұрақты жүргізіліп, балаларға арнап ойын алаңдары, саябақ пен футбол алаңы салынып қамқорлыққа алынған. Ауыл тұрғындарымен тығыз қарым-қатнасын үзбей, қандай өтініш-шағым болса да, заң шеңберінде қарап, жедел шешімдер қабылдап, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңда ауыл әкімі – тек кабинетте отыратын шенеулік қана емес, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын жақсы білетін, халық алдында тікелей жауапты, шаруашылық басшысы әрі мемлекеттік биліктің ауылдағы өкілі. Қорыта келгенде «Ұлық болсаң, кішік бол» деп халқымыз бір ауыз сөзбен-ақ ел басқаратын азамматтарға зор жауапкершілік жүктеген. Ноғайбай ауылдық округінің әкімі Ер-Серік Ешмұрат жас та болса халықтың өзіне артқан сенімін адалдықпен атқарып, халық үшін қыруар жұмыстарды атқарып келе жатқан азамат. Заман ағымына сай әрбір әкім өз ауылын көркейтіп, халықпен етене жұмыс жасаса, сонда ғана мемлекетіміздің мерейі үстем болатыны анық. Аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлын, Ер-Серік Аманбекұлын және барша мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік мерекемен құттықтай отырып зор денсаулық, отбасылық бақыт, еңбегінің жемісті, жеңісті болуына тілектеспіз. Әрқашан да халықпен бірге болғандарыңыз үшін зор алғыс!

Ноғайбай ауылдық округінің тұрғындары, ауылдық ақсақалдар кеңесі, Қордай ауылшаруашылығы көлледжінің, Ноғайбай ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, №35 Рза Қунақова атындағы орта мектептің, «Балдырған» балабақшасының ұжымдары

Leave A Reply

Your email address will not be published.