Тәртіп сақшыларына құрмет

0

23 маусым күні Қордай аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Полициясы күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Елімізде бұл күн полиция қызметкерлеріне, ардагерлеріне және қазіргі уақытта қызмет атқарып жүргендерге алғыс айтудың арнайы белгісі ретінде атап өтіледі. Шараның мақсаты – осы жауапты қызметтің қиыншылықтары мен жетістіктерін бағалап, құқық қорғаушылардың еңбегін атап өту.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды, залда мерекенің маңыздылығын сезініп, қатысушылардың патриоттық сезімі бәсеңдемеді. Салтанатты жиынға, Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрдин Садықов, полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Үдергенов және құқық қорғау саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Мерекелік жиында аудандық полиция бөлімінің үздік қызметкерлері мен ардагерлеріне аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының және полиция бөлімінің бастығының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табысталды. Сонымен қатар, арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Полиция бөлімінің өзге де тәжірибелі қызметкерлері мен ардагерлердің де еңбегі ескерілді, оларға сәйкес сала бойынша марапаттар берілді. Бұл құқық қорғаушылардың қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы жергілікті халықпен байланысын нығайтуға үлкен ықпал етеді.

Шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Бегзат Болатбеков, полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов, полиция ардагерлері кеңесінің төрағасы Айдос Топчаков және ішкі істер органдарының қызметкерлері ізгі тілектерін білдірді. Олар құқық қорғаушылардың ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Құқық қорғау саласының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті нығайту, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен тыныштықты жүзеге асыруда өз міндеттерін адал атқарып келеді. Полицейлердің еңбегі қарапайым халық арасындағы сенімді арттырып, құқық қорғау жүйесінің беделін көтеруге септігін тигізуде.

Қазақстан Полициясы күніне арналған мерекелік жиында тәртіп сақшылары мен құқық қорғау жүйесіне елеулі үлес қосқан азаматтарға лайықты құрмет көрсетілді. Бұл шара құқық қорғаушылардың қоғамдағы рөлі мен маңызын ұғыну, оларды қолдау үшін үлкен мүмкіндікті туғызды.

Мерекенің маңызы тек құқық қорғаушылар үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін, еліміздегі тыныштық пен тәртіпті сақтауда заң қызметкерлерінің рөлі зор екенін көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.