ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН

0

Ауылдық жерлердегі жол инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағытта Қордай ауданының Масаншы ауылында ауылішілік жолдарды жақсарту жұмыстары жалғасуда.

Биыл елді мекенде жалпы ұзындығы 3146 метрді құрайтын бес көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, Сарыарқа, Береговая, Думан, Ақтерек және Болашақ көшелері жөндеуден өтеді.

Қазіргі таңда Сарыарқа және Болашақ көшелеріндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл ауыл тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз қозғалыс жағдайын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Мамандардың айтуынша, қалған көшелердегі жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және белгіленген мерзімде аяқталады.

Жол инфрақұрылымын жаңғырту тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ауылдың одан әрі дамуына, көркеюіне және халықтың өмір сүру сапасының артуына оң ықпал етеді.

Фариза ҚОРАБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.