Өмірбаян
Рахымжан Шеризат Сапарбайұлы 1995 жылы 26 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2018 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы №18 Сортөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2018-2019 жж. – №18 Сортөбе орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
2019-2020 жж. – Қордай ауылындағы №51 орта мектептің ІТ маманы;
2020-2024 жж. – №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары;
2024 жылдан бүгінгі күнге дейін №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы.
Үйленген.
Сайлауалды бағдарламасы
Егер мен Жамбыл ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатын болсам, ауылдың дамуына бағытталған келесі басым бағыттарды жүзеге асыруға күш саламын:
— Ауылдағы кәсіпкерлік саласын дамытуды қолдап, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен кірістерді тиімді пайдалану мақсатында ауыл ақсақалдары, және тұрғындармен бірлесе отырып шешім қабылдаймын;
— Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін субсидиялар мен қолдауларды ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарына қолжетімді етуге ықпал етемін;
— Жастар тәрбиесі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени және спорттық іс-шараларды жандандырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етемін;
— Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуді жергілікті кәсіпкерлер мен ұйымдармен бірлесе отырып жолға қоямын;
— Ауыл инфрақұрылымын (жол, жарық, ауыз су, интернет) жақсарту бағытында жобалар әзірлеп, тиісті бағдарламаларға қатысып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жұмыс жүргіземін;
— Жайылымдық жерлердің қолжетімділігін арттыру, жерді тиімді пайдалану, жер дауларының алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдаймын;
— Ауыл тұрғындарының құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесулер, түсіндіру жұмыстары мен семинарлар ұйымдастырамын.
Менің басты мақсатым – Жамбыл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына адал еңбекпен үлес қосып, ауылымызды көркейту мен өркендету жолында халықпен бірге еңбек ету.