Қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету

0

Қордай ауданына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Болат Копдикбаев жұмыс сапарымен келіп, ауданның мемлекеттік қызметкерлерімен кездесті.

Сапар барысында алдымен Болат Копдикбаев Қордай аудандық сервистік әкімдіктің жұмыс барысымен танысты. Бұл сервистік әкімдік – мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарады. Оның міндеті – халыққа қызмет көрсетуді бір жерден оңтайлы түрде ұйымдастыру, өтініштерді жедел қарау және қажетті кеңестер беру арқылы халыққа қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету. Мұндай сервистік әкімдіктердің жұмысын тиімді ұйымдастыру мемлекеттік басқарудың жаңаша тәсілдерін енгізу мен азаматтардың мемлекеттің қызметіне деген сенімін арттыру үшін аса маңызды.

Содан кейін, аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қордай ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті. Аталған жиынға аудан әкімі Бегзат Болатбеков және ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысты. Бұл кездесу мемлекеттік қызметшілердің өзара тәжірибе алмасуына және жаңа конституциялық реформаларға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналды.

Жиында Болат Исаханұлы еліміздің Конституциясының 2026 жылғы 1 шілдеден бас-тап жаңа редакциясымен күшіне енуі – еліміздің даму тарихында айрықша маңызды кезең екенін атап өтті. Ол жаңа Конституцияның тек жекелеген баптардың өзгеруі емес, сонымен қатар мемлекеттік билік жүйесінің түбегейлі жаңғыруы, құқықтық құндылықтардың қайта айқындалуы мен ұлттық мемлекеттіліктің жаңа дәуірге өтуі екенін сөз етті. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуын, тұрғындарға қызмет көрсетуді жетілдіруді талап етеді.

Бұл сапар мемлекеттік қызметтердің заманауи талаптарға сай дамуына серпін беріп, аудан тұрғындарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың одан әрі нығаюына ықпал ететіні сөзсіз.

Одан әрі Болат Исаханұлы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен маңызды кездесуде бірқатар өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, мол әрі пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылардың тың бастамалары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, олардың әрқайсысын іске асыру жолдарын атады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Копдикбаев Қордай аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және халықпен тиімді байланыс орнату мәселелерін жан-жақты талқылады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Копдикбаевтың Қордай аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінің қызметкерлерімен кездесуі өңірдің мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мен азаматтардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған маңызды қадам.

Ә.Дүйсенұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.