МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

0

Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаевтың төрағалығымен маңызды іс-шара –Қордай ауданы әкімдігі жанындағы «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді.

 

Бұл жиын аудандағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлшегі. Комиссия отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіліп, сондай-ақ жоспардан тыс мәселелерде назарға алынды. Жиынға қатысқан мемлекеттік қызметшілер мен мекемелердің басшылары өздерінің жауапты салалары бойынша нақты түйінді мәселелерді баяндап, құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту бағытында атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы толық ақпарат ұсынды.

Жиында қаралған басты мәселелер ретінде заңдылықты қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, құқық қорғау қызметтері мен әкімшілік орган арасындағы үйлестіруді жақсарту, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың салдарын төмендету шаралары атап өтілді. Комиссия мүшелері құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қоғамдық тәртіпті бақылау және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында бірқатар тиімді ұсыныстарды талқылады.

Отырыс барысында ұсынылған баяндамалар негізінде тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Бұл тапсырмалар аталған мәселелерді жүйелі түрде шешуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, белгіленген міндеттердің уақытылы орындалуын үздіксіз бақылауға алу қажеттігі де атап өтілді. Бұл құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мекемелердің жауапкершілігін арттырып, жалпы қоғамдағы сенімділікті нығайтады.

Комиссия отырысы – жергілікті әкімдік пен құқық қорғау құрылымдары арасындағы тығыз байланыс пен бірлескен әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды шара. Оның нәтижелері аудан тұрғындарының әл-ауқаты мен қауіпсіздігін жақсартуға, құқықтық қоғам құруға үлес қосатыны анық. Отырыстың қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер мен берілген тапсырмалардың нақты іске асырылуы Қордай ауданында заң мен тәртіптің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізі болары сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.