Атамыздың өмір сүрген уақыты, қазақ халқының ойқы-тұйқы мезгілі еді. Ел басына күн туған Жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің қазақ даласын отарлауының басталу кезеңі. Сол бір қиындығы мол уақыттан бері біздерге жеткен, бабамыз туралы деректерді жинастыра келе бірқатар мәліметтерге ие болдық.
Тарихта нақты деректермен айшықталған, Өтеген батырдың 17 жыл жерұйық іздеп туған жерге оралуы, халқына «жерұйық таптым көшейік» дегенде қолдауы, 18 ғасыр, 1700 жылдар екені анық. Осыман басын байланыстырып, оймызды сабақтап алсақ.
Сүйінбай Аронұлының «Өтеген батыр» дастанында, 216-бетінде, мынандай шумақтар бар:
Үйіне келді, елі тілін алмады,
«Жылқысы жоқ жеріңе,
Бармаймыз»-деп зарлады.
Ерсары мен Байсары,
Жәнтелі бай бас болып,
Қанша айтсада болмады.
«Алмас қылыш» батырлар жыры. Құрастырған Сәрсенбі Дәуітұлы. Алматы, Жалын баспасы 1993ж.
Тарихшы Жандарбек Қарабасовтың «әрі батыр, әрі би Тауасар Малдыбай» деген еңбегінде:
«Аңырақай соғысына» қазақтың қас батырлары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек т.б.
Сонымен бірге, Малдыбай бидің бір шоғыр бауырлары: Тәңірқұл, Жылқыайдар, Мүлкеаман, Қонысбай, Жарылғап, Ерсары, Байсары атты батырлар қатысады. Қазақстан атбегілер федерациясының президенті, ауданымызға танымал қария Бақыт Байтөленің айтуынша: «Аңырақай шайқасына» (Отан соғысы), батырлармен қоса, азық-түлікпен, малмен қолдау көрсеткен».
Ел аузындағы айтылып жүрген әңгімеде: Байсары атамыздың малы мол, көп болғаны соншалықты, «Қалғұты» өзенінен келіп су ішкенде су саябырсып қалатындығы, яғни батырлықтарыменде емес, малдарымен көмектескендігіне осы да қосымша дерек болғандай.
Ал, «Аңырақай соғысы» 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде болған еді, жоңғарлар жеңіліп, Іле өзенімен шығысқа кеткен. Тарихта бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деп аталды.
19 ғасырда Ресейдің Қазақ хандығын жойып, толық бодандыққа түсірді. Сонымен, 1867-1868 жартысында Жетісу өңіріне жаңа әкімшілік-басқару жүйесі енгізілді. Ол мынандай буындардан тұрды:
Болыс-билер ауылнай (старшындар) – Елубасылар, ондықтар. Болыс басқарушысының кеңсесі, өзінен басқа хатшысы(писарь) және түрлі тапсырма орындаушы жігіттері болды. Болыс басқарушысының жалақысы, болыстық тұрғындарыдың саны мен әл-аухатына сай, жылына 300-500 сомға дейін, ал хатшы мен жігіттер жалдауға 300-400 сомға дейін қосымша ақша белгіленді. Билерге арнайы жалақы белгіленген емес, олар қалыптасқан салт бойынша, жүргізген ісі үшін, кінәліден «билік» ақысын алуға құқылы болды.
(материалы по истории политического строя Казахстана стр 298, 359-360)
20 ғасыр дүниежүзілік дүбірлі, тарихи оқиғаларға толы:
- I-дүниежүзілік соғыс (1914-1918ж.ж.)
- Азамат соғысы (1918-1920ж.ж.)
- Түркістан-Сібір Темір жолының салынуы (1927-1930ж.ж.)
- Ашаршылық жылдары (1931-1933ж.ж.)
- II-дүниежүзілік соғыс (1939-1945ж.ж.)
Аталарымызды бұл оқиғалар толық қамтығаны ақиқат.
Жетісу облысы әскери губернаторының 1903 жылғы 24 желтоқсанында №548 бұйрығына сәйкес Қордай болыстығының болыс қызметіне Султанов Жылқыбайды тағайындаған.
Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқандар:
Майсупов Кенжеғұл 1950-1960 жылдар аралығында Шыңырау теміржол станциясының бастығы болып қызмет атқарған.
Қасымов Болатжан 16 жасында соғысқа аттанған, соғыстан кейін, Башқұртстан республикасында, кейін Қырғызстан республикасында Ішкі Істер министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған.
Жетыбаев Байдаулет – «Ақтерек» колхозының төрағасы 1958 жылы, 1968 жыл – Қордай ауданының Киров колхозының төрағасы. Дәл осы жылдары темір жол станцияларында жұмыстың қыстартуларына байланысты, 40 үй Байсары ұрпақтары көшіп келді.
Жетібаев Оматай Қордай ауданы сотының төрағасы болды.
Қосақов Керімқұл – Красный Октябрь, Киров колхоздарының мектеп директорларының қызметтерін атқарды.
Әлібеков Нұрдәулет – Жамбыл облыстық су шаруашылығының басшысы болды.
Биыл атамызды еске алып, 300 жылдығын, саябақ ашып тойлағалы отырмыз. Жазып отырғанымыз үлкне тарихтың бір шағын бір парасы ғана.
Төлеген НҮСІПБЕКҰЛЫ,
тарихшы