КҮНБАТЫС АУЫЛЫ ТАЗА АУЫЗ СУҒА ҚОСЫЛДЫ

0

Қордай ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы ретте Масаншы ауылдық округіне қарасты Күнбатыс-2 ауылында жаңа су құбыры желісінің құрылысы басталып, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға серпін беретін маңызды жоба аяқталып, қолданысқа берілді.

Аталған жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын тұрақты әрі қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету, тұрмыс сапасын жақсарту және ауылдық аумақтардың инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру. Тапсырыс беруші – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Ауыл үшін маңызды шараның салтанатты ашылуына Қорадй ауданы әкімінң орынбасары Жұлдызбек Бақаев қатысып, тұрғындарды құттықтап, игілікті істің аудан көлемінде жағасын табатынын жеткізіп, ауыл үлкендерімен бірге нысанның лентасын қиды.

Құрылыс жұмыстарын осы салада тәжірибесі мол «Темір-Строй Сервис и Ко» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырған. Компания заманауи технологияларды қолдана отырып, су жүйесінің сенімді әрі ұзақ мерзімге қызмет етуін қамтамасыз етуге басымдық беруде.

Жаңа су құбыры тек Күнбатыс-2 ауылының тұрғындары үшін ғана емес, жалпы аудан инфрақұрылымының дамуына да оң ықпал етеді. Бұл жоба ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстардың бір бөлігі саналады.

Бұл – Қордай ауданында халықтың әл-ауқатын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және өңір экономикасын дамытуға бағытталған маңызды әрі болашаққа бағдарланған қадам.

Ж.ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.