Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат САБЫР ҰЛАН НҰРЛАНҰЛЫ
ӨМІРБАЯН
Сабыр Ұлан Нұрланұлы 1996 жылы 29 наурызда Қордай ауданының Ауқатты ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік саласында еңбек етеді.
Кәсіпкерлік қызмет барысында жауапкершіліктің, жүйелі жұмыстың және нақты нәтижеге қол жеткізудің маңызын түсінген. Тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендердің дамуына үлес қосу әрбір азаматтың ортақ міндеті деп санайды.
Қордай ауылы – ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің орталығы. Ауылдың орталық бөлігінде орналасқан қоғамдық нысандардың жағдайы, инфрақұрылымның сапасы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері әрдайым өзекті болып қала береді. Осыған байланысты сайлауалды бағдарламасында орталық саябақтардың абаттандырылуы мен санитарлық жағдайы, аудандық стадион мен мәдениет үйінің тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ тұрғындардың мәдени және спорттық іс-шараларға қолжетімділігін басты назарға алмақ.
Сонымен қатар орталық базарлар мен сауда орындарының айналасындағы инфрақұрылым, автотұрақтардың жеткіліктілігі, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері назарда болады.
Халықпен тұрақты байланыс орнату, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеру және атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беру депутаттық қызметінің негізгі қағидаттарының бірі болмақ.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беру.
- КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ
Қорджай ауылындағы Төле би көшесіндегі қолданыстағы жалғыз көпірге түсетін көлік жүктемесіне байланысты туындайтын кептеліс мәселесін назарда ұстау. Көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында Қарасай батыр көшесінде жаңа көпір салу және жолды кеңейту бойынша жоспарланған жұмыстардың іске асырылуына ықпал ету, орындалу барысын депутаттық бақылауда ұстау.
- КӘСІПКЕРЛІК ПЕН САУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Орталық базарлар мен сауда орындарының айналасындағы инфрақұрылымды жақсарту, автотұрақтарды ретке келтіру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мәселелерін назарда ұстау. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеру және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру бағыттарына басымдық беру.
- ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ
Қордай ауылындағы орталық саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының санитарлық жағдайын, көгалдандырылуын және жарықтандырылуын назарда ұстау. Балалар ойын алаңдарын, демалыс аймақтарын және жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсарту мәселелерінің тиісті деңгейде қаралуына ықпал ету.
- СПОРТТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СА-ЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАУ
Аудандық орталық стадионның инфрақұрылымын жақсарту, спорт нысандарының тиімді пайдаланылуы және тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мәселелерін назарда ұстау. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық іс-шаралар мен жергілікті спорттық бастамаларды қолдауға басымдық беру.
- МӘДЕНИЕТ ПЕН ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ
Аудандық мәдениет үйінің қызметін дамыту, мәдени-көпшілік іс-шаралардың қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәдени өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау мәселелерін назарда ұстау. Жастардың шығармашылық бастамаларын, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағыттарын қолдау.
- ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТӘРТІП
Округ аумағындағы адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін назарда ұстау. Орталық базарлар, саябақтар, мәдениет үйі мен стадион маңындағы көлік қозғалысын реттеу, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыру және қажетті аумақтарда бейнебақылау жүйелерін жетілдіру мәселелерінің қаралуына ықпал ету.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
Қарт адамдардың, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар азаматтардың және әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың мәселелерін назарда ұстау. Мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қоғамдық нысандарда кедергісіз орта қалыптастыру және тұрғындардың әлеуметтік сипаттағы өтініштерінің тиісті деңгейде қаралуына ықпал ету.
- ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қордай ауылының санитарлық тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды уақтылы жинау және шығару, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу мәселелерін назарда ұстау. Орталық саябақтар, базарлар, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету, қоқыс контейнерлерінің жеткіліктілігі мен оларды орналастыру мәселелерін бақылауда ұстау. Ауыл аумағын көгалдандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қолдау көрсету.
- ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ
Округ тұрғындарымен тұрақты байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін жүйелі түрде қарау. Өзекті мәселелердің ауданның даму жоспарлары мен бюджетінде ескерілуіне ықпал ету, қабылданған шешімдердің орындалуын депутаттық бақылауда ұстау және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында ашық есеп беру.