УВАЛИЕВА ҚАТИРА ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат УВАЛИЕВА ҚАТИРА ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ

ӨМІРБАЯН

Увалиева Қатира Құрманғалиқызы Қордай ауданының Қарасай ауылында дүниеге келген. Бүгінде Қордай ауылында тұрады. Ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың күнделікті мәселелері мен қажеттіліктерін жақсы біледі. Білімі жоғары. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, «Информатика және физика пәндерінің мұғалімі» біліктілігін алған. Кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдап, экономист мамандығын меңгерген. Еңбек жолын 1996 жылы Қордай ауданындағы «Сарыбұлақ» өндірістік кооперативінде есепші қызметінен бастаған. Кейін «Данабанк» АҚ Қордай филиалында валюталық операциялар бойынша есепші, аудандық денсаулық сақтау басқармасында бухгалтер, «Ақтас» ЖШС-де өткізу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылғы 11 мамырдан бастап Қордай ауданының мемлекеттік архивінің директоры қызметін атқарып келеді.

2021–2023 және 2023–2025 жылдары екі шақырылым бойы аудандық мәслихат депутаты болған. Осы кезеңде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелерін көтеруге, олардың оң шешілуіне ықпал етуге күш салды.

Тұрмыста, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Жинақтаған білімім депутаттық қызметте қалыптасқан тәжірибесін Отар ауылының дамуына, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағыттамақ.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. САПАЛЫ АУЫЗСУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Тұрғындарды сапалы ауызсумен және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету, тозған коммуналдық желілерді жаңарту, көшелерді жарықтандыру және коммуналдық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету.

  1. АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесу, шағын және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, гранттар мен субсидиялар туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру. Әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру. Малшылар мен фермерлердің жайылымдық жерлерге қолжетімділігін жақсартуға ықпал ету. Ветеринариялық қызмет сапасын арттыру және қажетті препараттардың қолжетімді болуына атсалысу. Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға жәрдемдесу.

  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу. Жастарды кәсіптік оқыту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға ықпал ету.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасау мәселесін көтеру. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету. Бейінді дәрігерлердің қабылдауына қолжетімділікті арттыруға атсалысу. Алғашқы медициналық көмектің сапасын жақсарту мәселесін назарда ұстау. Ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.

  1. ЗАМАНАУИ БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, балалардың сапалы білім алуына және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне қолдау көрсету. Жастардың спортпен, өнермен, шығармашылықпен айналысуына және жан-жақты дамуына жағдай жасауға ықпал ету.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Әлеуметтік осал отбасыларға, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету. Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, аналар мен балаларды қолдау және баршаға қолайлы орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

  1. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

Ауыл көшелері мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қалдықтарды жинау жүйесін жақсарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын дамыту. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында балалар және спорт алаңдарын жақсартып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.