Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат САДЫҚОВ НҰРДИН ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫ
ӨМІРБАЯН
Садықов Нұрдин Есенгелдіұлы Жаңатұрмыс ауылында өмірге келген. Білімі жоғары – «экономика», «құқықтану», «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтарын игерген.
Еңбек жолын 1998 жылы «Назар» ЖШС директорының шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары болып бастаған,
1999-.2004 жылдар аралығында «СК 25К» ЖШС директоры.
2005-2021 жылдары аралығында «Садықов» ЖК басшысы.
2021 жылдан 12.10.2026 жылға дейін Қордай аудандық мәслихатының хатшысы, төрағасы қызметін атқарған. Қордай ауданыныңVІ, VІI және VIIІ шақырылымдарының аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Кәсіби қызметі барысында инфрақұрылымды күтіп ұстау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен айналысты. Осы тәжірибе нақты шешімдер қабылдау мен ашық есеп берудің маңызын ұғындырды.
Ауданның дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балалар болашағы.
Әрбір елді мекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенеді.
Бағдарламасы «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және туған жерді сақтау міндеттері тұр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
Елдімекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Ауылдық елдімекендерді электрэнергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу. Суды үнемдейтін технологияларды (тамшылатып суару және жаңбырлату) қолдануға жәрдемдесу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында жасыл желектер отырғызу, Жамбыл ауылындағы саябақты қоршау және абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.