Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат КӘКЕТАЙ ЖҰМАҚАН САЙМАСАЙҰЛЫ
ӨМІРБАЯН
Кәкетай Жұмақан Саймасайұлы Жамбыл облысы Қордай ауданының Кенен ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қордайа ауылында тұрады. Өмірі мен еңбек жолының көп бөлігі осы ауданмен тығыз байланысты.
1978 жылы Шымкент қаласындағы сауда училищесін «Сауда және жөндеу» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ауылшаруашылығы саласында бастап, 1991 жылы «Қанағат» шаруа қожалығын құрған. Бүгінгі күнге дейін аталған шаруашылыққа жетекшілік етіп келеді. Көп жылдық еңбек тәжірбиесінің нәтижесінде ауылшаруашылығын дамыту, жер қатынастары, суармалы сумен қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында мол тәжірибе жинақтаған.
Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері, Қордай ауданының Құрметті азаматы. Сондай-ақ «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
2023–2025 жылдары жергілікті мәслихат депутаты ретінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдауға, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеруге және олардың шешілуіне ықпал етуге атсалысқан.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп өсірген.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
Степное ауылдық округіндегі жолдардың жөндеуді қажет ететін учаскелерін ретке келтіруге ықпал ету. Елдімекендер арасындағы көлік қатынасын жақсарту, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз ету және жолдардың сапалы күтіп ұсталуына жәрдемдесуге ықпал ету.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Степное ауылдық округінде сумен жабдықтау мәселелерін шешу, тозған инженерлік желілерді жаңарту. Ауыл тұрғындарын электрэнергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.
Таза қоғам, мықты өңір, әділ болашақ!
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
Жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға басымдық беру.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Степное ауылдық округі тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуге арналған арнайы сауда алаңын құруға жәрдемдесу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Степное ауылдық округінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу. Тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал ету.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, медициналық емханаға қосымша ғимарат салу мәселесін шешуге және шалғай ауылдарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Степное ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, білім сапасы мен оқушыларға қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуғ ықпал ету. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Степное ауылдық округіндегі елді мекендерді абаттандыру, қоқыс жинау және шығару жүйесін жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық демалыс орындарын құруға және ауылдардың тазалығы мен көркеюіне басымдық беру.