СИДОРЕНКО СЕРГЕЙ МИХАЙЛОВИЧТІҢ 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат СИДОРЕНКО СЕРГЕЙ МИХАЙЛОВИЧ

ӨМІРБАЯН

Сидоренко Сергей Михайлович Қордай ауылында туып-өскен. Мамандығы – заңгер-құқықтанушы. Еңбек жолын 1992 жылы «Қордай» сыртқы сауда өндірістік фирмасында заңгер болып бастаған. 2005 жылдан бастап кәсіпкерлік саласында.

«Арба — Ат» ЖШС құрылтайшысы және директоры, сондай-ақ «Үміт Қордай» ЖШС және «Алмарасан» шаруашылық қожалығының құрылтайшысы.

Қордай аудандық мәслихатының VІ, VІI және VIIІ шақырылымдарының депутаты болып сайланған.

Тұрғындар үшін лайықты өмір сүру жағдайларын жасау мақсатында мен жолдарды жөндеуге, су құбырлары желілерін қайта жаңартуға, демалыс аймақтарын құруға қол жеткізді. Шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етті. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп, спорттық, мәдени және басқа да аудандық іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетті.

Бағдарламасы «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

2028 жылы Қордай ауылындағы Домалақ ана көшесін, Цемзавод ықшам ауданындағы Терешкова көшесін жөндеуге және жолдарды сапалы ұстауға жәрдемдесу.

  1. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТР-МЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауылдық елді мекендерді электрэнергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру саласын кеңейтуге ерекше назар аудару.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Қаныш Сәтбаев атындағы №5 орта мектеп үшін STEM кабинетін сатып алу. Цемзавод шағын ауданында стритворкаут аймағы бар балалар ойын алаңын салуға жәрдемдесу. Цемзавод шағын ауданында балалардың жазғы сауықтыру лагерін салу.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

  1. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында жасыл желектер отырғызу, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жақсарту, Цемзавод шағын ауданында жайлы қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру және кеңейту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.