ДЖИНЛИРОВА РАХИЯ ОМАРОВНАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

№2 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ДЖИНЛИРОВА РАХИЯ ОМАРОВНА

Масаншы ауылдық округінің әлеуметтік дамуы, сапалы білім беру, отбасы құндылықтарын нығайту, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және ауыл тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру – бағдарламаның негізгі бағыттары.

Джинлирова Рахия Омаровна саналы ғұмырын білім беру саласына және жас ұрпақ тәрбиесіне арнап келеді. Көп жылдық еңбек тәжірибесі ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін, балалардың білім алу қажеттіліктерін және отбасының қоғамдағы маңызды рөлін терең түсінуге мүмкіндік берді. Бағдарлама ауылдың әлеуметтік дамуына, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1.Балаларға қолайлы орта және сапалы білім

Балабақшалар мен мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына ықпал ету.

  1. Әйелдер мен отбасыларды қолдау

Аналар мен көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мәселелеріне назар аудару, отбасы құндылықтарын нығайту, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бағдарламалар мен бастамаларды қолдау, әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімділігі мәселелерін көтеру.

  1. Ауылдың әлеуметтік дамуы

Мәдениет және спорт нысандарын дамытуға ықпал ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелерін көтеру, ауыл тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды қолдау.

  1. Жастардың мүмкіндіктерін кеңейту

Жастардың білім алуына, кәсіби дамуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету, жұмыссыз жастар мәселелерін көтеру, дарынды балалар мен белсенді жастардың қоғамдық, мәдени және әлеуметтік бастамаларын қолдау, олардың ауыл өміріне араласуына жағдай жасау.

  1. Халықпен тұрақты байланыс

Ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізу, олардың өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру, өзекті мәселелерді тиісті органдарға жеткізу, қоғамдық пікірді ескеру және атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беру.

Депутаттық қызмет халық алдындағы жауапкершілік пен тұрғындардың мүддесін қорғауға бағытталған жұмыс ретінде қарастырылады. Бағдарламаны жүзеге асыруда ашықтық, өзара құрмет, ынтымақтастық және әлеуметтік жауапкершілік негізгі қағидаттар болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.