«Қазақстан Халық партиясынан» №3 бірмандатты сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат САЛЫБАЕВ АРМАН САРСЕХАНҰЛЫ
ӨМІРБАЯН
Салыбаев Арман Сарсеханұлы1977 жылғы 25 қаңтарда Жамбыл облысы Қордай ауданы Керу ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1992–1996 жылдары Алматы политехникалық колледжін «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996–1999 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде білім алып, инженер-механик біліктілігін алған. 2003–2006 жылдары Д. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Қордай аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор болып бастаған.
2012 жылдан бастап «ҚордайАвтоТех» жеке кәсіпкерлігінде бас техникалық маман болып жұмыс істейді, кәсіпкерлік қызметпен айналысады. 2012–2026 жылдары түрлі қоғамдық қозғалыстарға қатысқан.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан Халық партиясының» мүшесі.
Отбасылы, бір ұл және үш қыз тәрбиелеп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
- ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өндірісті дамытуға жәрдемдесу.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қолдау.
Кәсіптік оқыту мен жастарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету.
Халықтың табысын арттыруға жағдай жасау.
- АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Ауызсумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту.
Автомобиль жолдары мен ауылішілік көшелерді жөндеу.
Коммуналдық желілер мен көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту.
Қоғамдық аумақтарды абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдары мен спорт алаңдарын дамыту.
Инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын бақылау.
- ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК
Көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды қолдау.
Медициналық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін жақсарту.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету.
Инклюзивті білім беру мен оңалту көмегін дамыту.
- ЖАСТАР, БІЛІМ ЖӘНЕ СПОРТ
Сапалы әрі қолжетімді білім беруді қолдау.
Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту.
Жастардың спортпен шұғылдануына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына жағдай жасау.
Жастар бастамалары мен кәсіпкерлігін қолдау.
- КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ
Шағын және орта бизнесті қолдау.
Кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылық қолдауға қол жеткізуіне жәрдемдесу.
Ауыл кәсіпкерлігі мен жергілікті өндірушілерді қолдау.
Бизнестің жаңа бағыттары мен өндіріс салаларын дамытуға қолайлы жағдай жасау.
- ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамаларды қолдау.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Тұрғындардың заңды мүдделерін қорғау.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық өзара байланысты дамыту.
- АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЙЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу және азаматтарды жеке қабылдау.
Халықтың өтініштерін қарастыру және мәселелерін шешуге жәрдемдесу.
Өзекті мәселелерді аудандық мәслихаттың қарауына енгізу.
Жергілікті бюджет пен өңірлік бағдарламаларды талқылауға қатысу.
Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау және жұмыс нәтижелері туралы халықты хабардар ету.
Күшті өңір – халықтың лайықты өмірі, тұрақты экономика, дамыған инфрақұрылым және болашаққа деген сенім!