ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ

0

Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, ол әділетті мемлекет құрудың басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мақсатында Қордай ауданында арнайы жұмыс жоспары құрылып, нақты шаралар қолға алынған.
Мәселен, өткен жұмада аудан әкімі Мәден Мұсаевтың азаматтарды кезекті қабылдауы жүргізілді. Бұл күні аудан әкімінің қабылдауына 10 адам келді. Қабылдау барысында әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, тұрғын үй және жер алуға көмек, материалдық-қаржылық көмек сұрап келгендер болды. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметке және қоқыс шығаруға қатысты сұрақтар көтерілді.
Тұрғындар қойған сауалдардың кейбірі сол жерде шешімін тапса, бірқатары аудан басшысының бақылауына алынды. Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бірге мұқият тыңдаған Мәден Тоқтарбайұлы қойылған сұрақтарға заң аясында жауап берді. Сондай-ақ аудан басшысы жауапты тұлғаларға өз құзіреттігі шегінде айтылған жайттарды шешу туралы тапсырма берді. Қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.