ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА ҮЗДІКТЕР

0

Қордай ауылының спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығында балалар мен жасөспірімдер арасында «Балалар жылына» арналған Жамбыл облысының ашық турниры өтті. Турнирға Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған, Тараз қалаларынан және Т.Рысқұлов, Меркі аудандарынан спортшылар қатысты. Спорттық додада Жамбыл облыстық «Кекушинкай каратэ-до» федерациясының Вице-Президенті және бас тренері, қара белбеу бойынша 3-ші дан иегері, ҚР спорт шебері, ҚР жоғары санаттағы ұлттық судья Р.Маженовтың «Барыс» спорт клубының тәрбиеленушілері Қордай ауданының намысын қорғады.

Іс-шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты белдесу нәтижесінде әділқазылар шешімі бойынша бірінші орынға Мардан Мұратов, Хаким Ганиев, Нұрдәулет Жанарбек, Абдурахман Сулейманов, Абдурахим Сулейманов жайғасса, күміске Байжан Топчақов, Талғат Аспандияр, Есенгелді Диас, Аяна Сәдірбай, Абдусалим Ганиев, Адис Лаахунов, Нұрила Қырқынбай қол жеткізді. Жеңімпаздар үштігін Ақбейбіт Қырқынбай, Ильяс Есенгелді, Равиль Лаахунов, Болысбек Таирхан, Сәбит Данияр, Есенгелді Нұрасыл түйіндеді.
-Жазда менің тәрбиеленушілерім Ақтау қаласында өтетін «Каспий кубогы» ашық турниріне қатысады. Келгеннен кейін Ыстық көлде өтетін жазғы спорттық жиынға дайындаламыз, себебі алдымызда айтулы жарыс Азия Чемпионаты күтіп тұр. Біз оған жақсы дайындықпен баруымыз қажет, — дейді Рамазан Маженов. Ал, біз спортшыларға жеңіске жете берулеріне тілектеспіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.