ТИІСТІ ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

0

Өткен жұмада «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Онда бір ғана мәселе, атап айтқанда «AMANAT» партиясының Қордай аудандық филиалының XXХVІ кезектен тыс конференциясын шақыру туралы мәселе қаралып, ол бойынша партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Күзербаев хабарлама жасады. Ол өз сөзінде маусым айының 19-ында аудандағы Қасық, Кенен ауылдық округтері әкімдеріне сайлау өтетіндігін, осыған орай «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының ХХХVІ кезектен тыс конференциясын 2022 жылдың 2 маусымына шақыруды және күн тәртібіне «AMANAT» партиясының тізімі бойынша Қасық және Кенен ауылдық округтерінің әкіміне үміткерлерді ұсыну туралы мәселесін енгізіп отырғандығын жеткізді. Күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, ол бойынша тиісті қаулы қабылданды

Leave A Reply

Your email address will not be published.