28 маусым «Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер күні. Биыл айтулы мерекені аудан халқының тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын «Шамшырақтың» тілшілері үлкен жетістіктермен қарсы алды. Тілшілер қауымын әкімдіктің мәжіліс залында аудан басшысы Мәден Мұсаев құттықтады.
Әкімдікте өткен кездесу барысында Мәден Тоқтарбайұлы қаламы қарымды тілшілерді төл мерекемен құттықтап, істеріне табыс, отбасыларына амандық тілеп, қызығы мен қиындығы мол жұмыстарына сәттілік тіледі. Осы күні аудан әкімінің Алғыс хатымен тілшілер Серғазы Манасбаев, Сәуле Мұхадин, бухгалтер-кассир Диля Хасанова марапатталса, редакцияның видео-операторы Айбек Накен, тілші Бекжол Әпілжанов аудандық мәслихаттың Алғыс хатына, көлік жүргізуші Марат Айдарханов, қызметкер Райкүл Бейбітова «AMANAT» партиясының аудандық филиалының Алғыс хатына ие болды.
Барлық марапат иелеріне бағалы сыйлық пен гүл шоқтары ұсынылды.
Ерекше атап өтетіні, осы күні «Қордай шамшырағы» газеті ұжымына облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, аудандық сот ұжымы мен аудан әкімдігінің бөлімдері, мекемелер арнайы құттықтауларын жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі. «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газеті ұжымы өз тарапынан барлық әріптестерін мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Марапаттарыңыз құтты болсын, қадірменді әріптестер!
АУДАН ТІЛШІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Prev Post
Next Post