Балаларға қуаныш сыйлады

0

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы жыл  сайын дәстүр бойынша балаларға мереке қарсаңында ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында «Тілектер шыршасы» қайырымдылық науқанын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасында үйден оқытылатын, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, көп балалы, жалпысы 44 баланың тілек-армандары Аяз атаға жазған өз тілектері бойынша сыйлықтармен қамтылды. Аталмыш шараға мектептің ата-аналары, қамқоршылық  кеңесінің мүшелері, мектеп ұжымы және мектеп түлектері өз үлестерін қосты. Оларға алғысымыз шексіз.
Әрине, осы науқанды үзбей жыл сайын ұйымдастыруға ықпал етіп жүрген мектеп директоры С.Сарғасқаеваға ата-аналар атынан алғыс айтамыз!

№1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының ата-аналары

Leave A Reply

Your email address will not be published.