«Домбыра – дәстүр мен рухтың алтын көпірі»

0

Қордай ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дәстүр мен рухтың алтын көпірі» атты мерекелік іс-шара өтті. Емен саябағында ұйымдастырылған салтанатты кешке аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар және өнерсүйер қауым қатысып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған мерекелік бағдарламаның куәсі болды.

Іс-шараның ашылуында 70-тен астам домбыра үйірмесінің қатысушылары бір мезетте күй орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұлттық өнер өкілдерінің бір сахнада бас қосуы домбыраның халқымыздың рухани мұрасындағы айрықша орнын тағы бір мәрте айқындады. Салтанатты жиында Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде ұлттық өнерді дәріптеу мен мәдени мұраны сақтау жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Мереке аясында ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Мерекелік бағдарлама концерттік қойылыммен жалғасты. Күй өнері мен халық әндері орындалып, көрермендерге ұлттық өнердің үздік үлгілері ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.