Гвардейск гарнизонындағы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткіші жанындағы аллеяда адамдар көптеп жиналды. Әскери формадағы офицерлер, жауынгерлер және әскери қалашық тұрғындары – барлығы да ерекше салтанатқа бас қосты. Бұл шара Қазақстан армиясының тарихында есімі мәңгілікке қалған ердің туғанына 102 жыл толуына арналды.
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Солтүстік Қазақстанда қарапайым еңбеккерлер отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы оңай болған жоқ – ата-анасынан ерте айырылып, үлкен ағасы Сағиттың қолында өсті. Оның тірегі, үлгі-өнегесі болған сол ағасы еді. Бірақ соғыс бәрін өзгертті: Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде Сағит майданға аттанып, көп ұзамай қаза табады.
Болашақ генерал нақты іс-әрекет бәрінен жоғары тұратын ортада ер жетті. Дәл сол уақытта мыңдаған солдаттар мен офицерлердің негізгі қасиеттері – сабырлылық, байсалдылық, жауапкершілік сезімі қалыптаса бастаған болар.
Соғыс басталғанда Сағадат Нұрмағамбетов өте жас еді. Майданға кеткен адам мүлдем басқа тұлға болып оралатынын біліп, өз еркімен аттанды. Соғыс ол үшін әр шешімнің бағасы бар, күн сайын ерлігін сынайтын қатал мектепке айналды. Кіші командирден бастап офицерге дейін шеі жоғарылады, адамдар сенім артып, ең қиын жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Оның ең қиын сәттерде де сарбаздарымен байланысын үзбегенін, қаруластарының пікірін бағалап, бастап жүретінін қатарластары еске алады.
Жеңіс күнінен кейін оның әскери қызметі әрі қарай жалғасып, өмірінің жаңа тарауы басталды. Әскер оның тағдырына айналды. Ол әртүрлі командалық лауазымдарды атқарып, жауынгерлік әзірліктегі бөлімшелерді ғана емес, әскери қызметке деген құрметті де қалыптастырды.
Өмір жолында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі ерекше орын алады. Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі болған Сағадат Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атағын тұңғыш алған азамат. Ол республиканың Қарулы Күштерін құру мен дамытуда шешуші рөл атқарған тұңғыш армия генералы болды. Нұрмағамбетов – ТМД елдерінен Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз қорғаныс министрі. Оның қарамағында қызмет еткендер оны әлі де үлгі тұтады.
Туған жерге қызмет ету С.Нұрмағамбетов үшін әрқашан бірінші орында болған. Жарты ғасырдан астам өмірін әскерге арнады. Соғыс туралы, оның қайғысы, көз жасы туралы отбасымен әңгімелескенді ұнатпайтын. Жеңіс пен қуанышты сәттерді жиі айтатын.
Сағадат Нұрмағамбетов артына үлкен мұра қалдырды. Қазақстан Қарулы Күштерінің жоғары әскери наградасы «Айбын» орденінің бірінші дәрежесі аңызға айналған әскери басшының есімімен аталады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып тағайындалғаннан кейін оның алдында Қарулы Күштерді іс жүзінде о бастан қалыптастыру, жаңа армияның іргетасын қалау, әскери қызметтің ұстанымдарын, тәртібін, жауынгерлік рухын қалыптастырудың күрделі міндеттері тұрды.
Бүгінде оның есімі тарихтың бір бөлігі ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының белгісі ретінде де қабылданады. Ескерткіш басында тұрған жас сарбаздар оның өмірбаянының барлық парақтарын әлі біле бермеуі мүмкін. Бірақ солар қазірдің өзінде борышты, офицерлік абыройды, Отанға деген адалдықты қамтитын дәстүрге айналып барады.
Осындай атаулы күндердің басты мәні де осында. Бұл жерде Сағадат Нұрмағамбетовты тек соғыс қаһарманы, мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, ең алдымен қолбасшы үлгісі ретінде құрмет тұтады. Өйткені, қашанда әскерде өзінің өнегелі жолын төсеп, ұрпаққа үлгі болатын азаматтар дәл Сағадат Нұрмағамбетовтей болады десек артық айтқандық болмас.
Валерия ЧЕРЕВКО, Гвардейск гарнизоны