Қордай ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге арналған Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау бойынша ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026–2027 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша құжат қабылдау тәртібі мен оқуға түсу мүмкіндіктерін түсіндіру болды.
Кездесуге Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Малик Асанов қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Малик Назымбекұлы баяндама жасап, Академияға қабылдау талаптары, оқу бағдарламалары және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.