ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

0

Қазіргі таңда діни экстремизм қауіп-қатерінің астында өмір сүріп жатырмыз деп айтуымызға толық негіз бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Діни экстремизмге қарсы күресте жүйелі іс-шаралар кешенін іске асыру қажет екеніне ерекше тоқтала келіп, діни экстремизмге қарсы іс-қимылды күшейтуге баса назар аудару керектігін қадап айтты.

Қоғам – баршамызға ортақ. Ендеше, ондағы ауқымды мәселелерді еңсеру – тек биліктің немесе қандай да бір салалық құрылымның ғана емес, жалпыхалықтық міндет. Бұл тұста халықтың негізгі міндеттерінің бірі – кез келген орынсыз жағдаяттар мен қалыптасқан жағымсыз ахуалдарға қатысты өзінің пікірін, жанайқайын білдіріп, атқарушы биліктен мәселені оңтайлы шешуді талап ету әрі оған көмектесу.
Бүгінде «Экстремистік, радикалдық ұйым¬дармен күрес елімізде тұрақ¬ты түрде жүргізіліп келеді.
Діни экстремизм – қоғамда орнық¬қан мо¬ралдық нормаларға, салт-дәс¬түр-лерге, дәстүрлі діндерге қайшы іс-әрекеттер. Басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздырады және зорлық-зомбылыққа шақырады, сон¬дай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген әрекет. Ал дін¬нің атын жамылып, саяси мақсатқа қол жеткізу үшін бағытталған әрекеттер діни-саяси экстремизм болып саналады.
Осы ретте жастар арасында ұлттық, мемлекетшілдік, отан¬сүй¬гіштік тәрбиені күшейту, дәстүр¬лі рухани құндылықтарды насихат¬тау ша¬рବларын қарқынды түрде жүр¬гізу қажет Дін саласындағы қызметкерлердің, әсіресе тәжірибесі аз мамандардың бі¬лік¬тілігін жетілдіру шараларын қолға алу да маңызды.
Иә, ел ішінде діни экстремизм қаупін төмендетуге қатысты ұсыныс-пікірлер өте көп. Мұның барлығына атқарушы билік «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында назар аударып, ең бастысы елдің тынышты¬ғын қашыратын, татулығымызға сына қағатын, тәуелсіздігіміз мен қарапайым халықты қауіпте ұстайтын кесірлі, кесапатты идеологиядан сақтану ісіне ел-жұртты жұмылдыруға тиіс.
Діни экстремизмнің зорлық-зомбы¬лы¬¬ғынан, терроризм қауіптерінен адам-ның, қоғамның және мемлекеттің қауіп¬сіздігін сақтау, қамтамасыз ету өзекті-лігі күн тәртібінде тұрған бүгінгі таңда артылар салмақ, жүк, жауапкершілік жеңіл емес.
Жат ағымдағылардың бірінің бетін бері қаратқанымен, оның орнын екінші біреуге бастыру көрінісі – «бас¬тау көздерді» бұғаттамасақ әрі қарай жалғаса береді.

«Сортөбе ауылдық округі
әкімі аппараты» КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.